ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ЗАСЫПКИНА ЕВГЕНИЯ ИВАНОВНА
06-07-2015 15:57
ЗАСЫПКИНА ЕВГЕНИЯ ИВАНОВНА
Өзінің білім деңгейін көтеру ықыласы Евгения Ивановнаны Қазақ Мемлекеттік институтына филологиялық факультетіне жетелеп әкелді, оны тәмамдағаннан кейін 1963 жылы ол өзінің туған қаласына орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде оралады. Павлодар қаласының №25 мектебінде жұмыс істеген уақыты ұмытылмастай жылдар болды. Мектеп ынтымақтастық тәжірибесі және әрекеттестігі Евгения Ивановнаға №9 орта мектебінде директор болып жұмыс істеген жылдары және Павлодар қаласының Индустриалдық білім бөлімі меңгерушісі ретінде жұмыс істеген кезінде пайдаға асты. Мұғалім, директор орынбасары, директор, Ильичев ауданының білім бөлімінің меңгерушісі – 40 жылдық педагогикалық қызметінің нәтижесі осындай. Табиғаты бойынша нағыз ұстаз, ол қала қоғамы арасында еңбегі сіңген беделге ие болды. Евгения Ивановнаның ұзақ жылғы адал еңбегі мемлекеттік марапаттарға ие: «Қазақ ССР халық ағарту үздігі», «СССР ағарту үздігі», «Ы.Алтынсарин» медалі, Қазақ ССР насихаттау Министрлігінің мадақтау грамоталары, ағартудың кәсіподақ қызметкерлерінің Республикалық, облыстық мәслихат комитетінің белгілері. Евгения Ивановна – облыстық деңгейдегі жеке зейнеткер, педагогтар заманының сабақтастығын сақтауына үлкен үлес қосты. Е.И. Засыпкинаның есімі «Білім қызметкерлерінің алтын есімдер кітабына», «Облыстық кәсіподақ ұйымының білім және ғылым қызметкерлерінің мадақтау кітабына», «Павлодар облысының ардагерлер кеңесінің мадақтау кітабына» енді. Евгения Ивановнада оқушылары көп, олар оның бастаған ісін жалғастырып келеді, олардың ішінде қызы Елена, жоғары санатты мұғалім. Жұмыста жектен жетістіктері үшін «Қазақ ССР халық ағартуының үздігі», «СССР ағартуының үздігі», «Ы.Алтынсарин» медалі кеуде белгілері мен мадақтау грамоталарымен марапатталды.