Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
БЕННЕР ЛЮДМИЛА ИВАНОВНА
06-07-2015 15:26
БЕННЕР ЛЮДМИЛА ИВАНОВНА
Өзінің еңбек жолын 1968 ж. Көкшетау облысы Бурлук сегіз жылдық мектебінің орыс тілі және тарих мұғалімі болып бастады. 1981 жылдан бастап 1992 жылға дейін Ильичевский аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі әдіскері болып жұмыс істейді, 1992 жылдан бастап 1994 жылға дейін Павлодар облысы бойынша БЖИ мектепке дейінгі тәрбие лабораториясының меңгерушісі, 1994 ж. №96 сәбилер бақшасына әдіскер болып ауысты, 1998 жылдан бастап 2012 жылға дейін №96 сәбилер бақшасының меңгерушісі болып тағайындалды. Өте білімді, кәсіби тұрғыдан сауатты басшы, басқарушы әрі жоғары дәрежелі маман. Мектепке дейінгі мекемені басқару, қаржыландыру және дамыту мәселелерін жетік меңгерген, заманауи педагогикалық теориялар мен технологиялардың тұжырымдамалық негіздерін біледі, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың тиімді әдістемелік жүйесін құрастырушы болып табылады. Оның басшылығымен балабақша пелагогтары заманауи технология-ларды меңгеріп, дамыта оқыту қағидаларына негізделген әдістеме жұмысын тәжірибеге енгізді. Заманауи технологиялар мен әдістемелердің баламалы бағдарламала-рын енгізу, балаларды оқыту және тәрбиелеудің жоғары нәтижелері Людми-ла Ивановнаға өз мекемесінің жаңа мәртебесіне – Үйлесімді дамыту орталы-ғы болуына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Республикалық, облыстық және қалалық конференциялар мен семи-нарлардың қатысушысы. Орталықтың жұмыс тәжірибесін ол халықаралық деңгейде: Ресей, Германия, Польша елдерінде көрсетті. Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі мен Павлодар облы-сының мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту жүйесіне қосқан жеке үлесі үшін 1992 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1997 жылы «Қазақстан Рес-публикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен, 2008 жылы Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен, 2010 жылы «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды, 2010 жылы Павлодар қ. «Алтын есімдер кітабына» енгізілді.