Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Әкесі, Текжанов Мұзамедхафиз Ахметұлы
06-07-2015 14:19
Әкесі, Текжанов Мұзамедхафиз Ахметұлы
Текжанов Мұхамедхафиз Ахметұлы 1952 жылы ҚазМУ филология факультетін тәмамдап, Павлодар облысы Краснокутск ауданы орта мектебіне мұғалім болып орналасады. Қазақстан Республикасының ағарту ісінің озық қызметкерлері, бірнеше мәрте БжҒМ құрмет грамоталарымен марапатталған. Мұхамедхафиз Ахметұлы – филология ғылымдарының кандидаты, профессор, жоғарғы оқу орындарында 54 жыл қызмет етіп, бүгінгі мұғалімдер армиясын дайындаған педагогика ісінің шебері. Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту саясатына қосқан үлесі зор. Көптеген әдістемелік құралдары мен өзге тілді аудиторияда мемлекеттік тілді тірек сызбалар арқылы оқыту жүйесін қамтыған әдістемелік нұсқаулықтары кеңінен қолданылуда. Студенттер мен оқушыларға арналған жиі қолданылатын 5000 шамасындағы сөздер мен сөз тіркестерін қамтыған қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігінің негізін қалаған автор.