Өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының, әдістемелік кабинетінің ережесінде анықталған қызметтерді орындайды және міндетті:
-
оқу мемлекеттік тілінде жүргізілетін және орыс тілді мектептердің гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету;
-
инновациялық тәжірибелермен алмасуды зерттеу, жинақтау , жалпылау бойынша жұмыстарды жүйелеу және тәжірибені жалпыламау, тарату бойынша электрондық база құру;
-
тамыз педагогикалық оқуларға «Педагогикалық тәжірибе» жинағын шығару;
-
ҚР жаңа мемлекеттік стандарттарын, оқу-әдістемелік кешендерін, жаңа бағдарламаларды оқытуға енгізу бойынша қала мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру;
-
дарынды балалармен жұмыс жасауға, олимпиадаларды өткізуге, пән бойынша шығармашылық сайыстарды ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету;
-
озық тәжірибелермен алмасуды зерттеу, жинақтау , жалпылау, оны насихаттау;
-
оқу-тәрбиелік үрдісінің мазмұнын жаңарту бойынша және оқытудың жаңа технологияларын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
-
берілген пәндер бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік ету, мектептердің аттестацияға дайындалуына әдістемелік көмек көрсету;
-
шығармашылық сайыстарды ұйымдастыру және өткізу, сайысқа ұсынылған материалдарды жүйелеу;
-
олимпиадалар мен мемлекеттік емтихандар материалын құрастыруға қатысу;
-
қала мектептерінде бақылау үзіктерін өткізу (мәтіндерді құру, мәліметтерді жинастыру, аналитикалық материалдарды құру, анықтамалар жазу);
-
қаланың жоғары оқу орындарымен,педколледжбен және облыстық ПКБ АИ әдіскерлерімен бірлесу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау;