Өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының, әдістемелік кабинетінің ережесінде анықталған қызметтерді орындайды және міндетті:
-
қазақ тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестік жұмыстарын ұйымдастыруға;
-
жаңа бағдарламаларды, оқыту -әдістемелік кешендерді, ҚР жаңа мемлекеттік стандарттарын білу және енгізу жөніндегі мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыруға;
-
дарынды балалармен жұмыс жасауға, олимпиадаларды өткізуге, пән бойынша шығармашылық сайыстарды ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетуге;
-
тәжірибелермен алмасуды зерттеу, жинақтау және жалпылау, оны насихаттауға;
-
оқу-тәрбиелік үрдісінің мазмұнын жаңарту бойынша және оқытудың жаңа технологияларын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;
-
берілген пәндер бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік ету, мектептердің аттестацияға дайындалуына әдістемелік көмек көрсетуге;
-
шығармашылық сайыстарды өткізуге;
-
бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалдық сайыстарының материалдарын құрастырып, ұйымдастыру және өткізуге;
-
қала мектептерінде бақылау үзіктерін өткізуге (мәтіндерді құру, мәліметтерді жинастыру, аналитикалық материалдарды құру, анықтамалар жазу);
-
қаланың жоғары оқу орындарымен, педколледжбен және облыстық ПКБ АИ әдіскерлерімен бірлесу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлауға;