ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодар қаласы мектептерінің оқушыларын республикалық олимпиададағы жеңісімен құттықтаймыз!
25-04-2011 05:57

 

Павлодар қаласы мектептерінің оқушыларын республикалық олимпиададағы жеңісімен құттықтаймыз!

 

 

Павлодар қаласы  жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларын  оқушылардың республикалық олимпиадасындағы жеңісімен құттықтаймыз!

         Қазақстанның Егемендігінің 20 жылдығына арналған іс шаралар шеңберінде Қостанай қаласында 2011 жылдың 15-19 сәуір аралығында   жалпы білім пәндері бойынша республикалық  олимпиада өткізілді. Павлодар облысы жинағы құрамында олимпиадада Павлодар қаласының №9, 29,39 (2 оқушы), Стикс мектептерінен 5 оқушы қатысты.

         Республикалық олимпиададағы сынақта біздің жас өркендеріміз жоғарғы деңгейде көріне білді.

         Ряжко Надежда, №9 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы, 1 орын үшін орыс тілі мен әдебиеті пәнінен алтын төсбелгімен марапатталды.

         Севрюкова Юлия, Стикс мектебінен, 1 орын үшін неміс тілі пәнінен алтын төсбелгімен марапатталды.

         Күміс төсбелгіні № 39 ЖОМ 11 сынып оқушысы Рената Бочкарева француз тілінен, № 29 ЖОМ 11 сынып оқушысы Темірғалиева Айсұлу география пәнінен жеңіп алды.

         Павлодар қаласының №39 ЖОМ 11 сынып оқушысы Қайыржанова Альмира, француз тілі бойынша нәтижелілігі үшін ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шәкірттерін жетелі дайындаған ұстаздарға мойындаушылық танытамыз!

 

Құрметті әріптестер, сіздерге алғыс білдіреміз:

Жұмабаева Асия Камалиденқызы- № 29 ЖОМ география пәні мұғалімі!

Шмидт Лидия Андреевна-Стикс мектебінің неміс тілі пәні мұғалімі!

Таран Тамара Васильевна-№ 9 ЖОМ орыс тілі пәні мұғалімі!

Петрова Валентина Михайловна-№ 39 ЖОМ француз тілі пәні мұғалімі!