ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелердегі бейнелеу өнері
13-02-2017 06:40
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелердегі бейнелеу өнері

        Павлодар қаласының № 1 Балалар көркем сурет мектебінде балабақша тәрбиешілері үшін «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы бейнелеу өнерінің рөлі» қалалық  жаттықтыратын семинар өтті.

         Семинарда мектеп әдістемешісі Н. И. Шахова тыңдаушыларды «Кішкентай бүлдіршіндер» өнер студиясындағы кіші жастағы балалармен жұмыс жасау тәжірибесімен таныстырды. Өнер студия 20 жыл бойы әрекет етеді. Мектеп директорының орынбасары И. В. Масленникова көркем сурет мектебі өткізетін  «Мен әлемді бейнелеймін» конкурсының ережелірі туралы әңгімеледі. Мектеп оқытушылары Ш. Р. Шушаев, Л. А.Кузнецова, А.В. Аткина, бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес техникалары: қалыптау кескіндемесі, сиялы графика бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Мүсінші, әрі қосымша білім беру оқытушысы А. А. Балин ермексазбен жұмыс істеу бойынша тәжірибесімен бөлісті.