Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 2017 жылғы 7 сәурде сағат 11.00-де Естай атындағы ҚМҮ, Аймауытов атындағы театр аумағындағы алаңдарда, мектепке дейінгі ұйымдардың серуендеу және спорт алаңдарында «Спорт - Мен - Көктем» акциясы шеңберіндегі би флешмобы өткізіледі. Мақсаты - қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, салауатты өмір салтынының дағдыларын, мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Би марафонында қаланың мектепке дейінгі мекемелерінің 1500-ден астам тәрбиеленушілері қатысады.
Акция «Денің сау, белсенді өмір сүру - бұл стильді, жағымды! Қозғалыста өмір сүр, биле және ән сал. Есіңде сақта! Ең үздігі - біз үшін!» ұранымен өтеді.
Би марафоны әуе шарларын ұшырумен аяқталады.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі