ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалім білімі - уақыт талабы
03-04-2017 08:35
Мұғалім білімі - уақыт талабы

Жалпы білім беру пәндерінің XIII облыстық мұғалімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарына Павлодар қаласының мұғалімдері 6 жүлделі орынға ие болды. 

І орынға мемлекеттік  тілде оқытатын  мектептердегі бастауыш сынып бойынша Динара Сапарбекқызы Абдулина (№ 22 ЖОМ), неміс тілінен -  Анастасия Николаевна Колесникова (№ 39 ЖОМ), ІІ орынға  орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінен - Лариса Ораловна Умарова (№ 39 ЖОМ), ІІІ орынға тарих пәнінен - Марат Байдолда (№ 19 ЖОМ), ағылшын тілінен -  Айман Зейнел-Қабиденқызы  Нұржумбаева (№ 37 ЖОМ), информатика пәнінен - Илья Олегович Поляков (№ 34 ЖОМ)  ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және құнды сыйлықтарымен марапатталды.

Олимпиада 15 жалпы білім беру пәндері бойынша 2017 жылдың 29 наурызында № 37 ЖОМ өтті. Ағымдағы жылғы олимпиаданың ерекшелігі - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің (математика, физика, химия, биология, информатика) ағылшын тілінде өткізілуі. Олимпиадаға жалпы білім беру мектептерінен және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 322 педагог қатысты.