Жалпы білім беру пәндерінің XIII облыстық мұғалімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарына Павлодар қаласының мұғалімдері 6 жүлделі орынға ие болды.
І орынға мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып бойынша Динара Сапарбекқызы Абдулина (№ 22 ЖОМ), неміс тілінен - Анастасия Николаевна Колесникова (№ 39 ЖОМ), ІІ орынға орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінен - Лариса Ораловна Умарова (№ 39 ЖОМ), ІІІ орынға тарих пәнінен - Марат Байдолда (№ 19 ЖОМ), ағылшын тілінен - Айман Зейнел-Қабиденқызы Нұржумбаева (№ 37 ЖОМ), информатика пәнінен - Илья Олегович Поляков (№ 34 ЖОМ) ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және құнды сыйлықтарымен марапатталды.
Олимпиада 15 жалпы білім беру пәндері бойынша 2017 жылдың 29 наурызында № 37 ЖОМ өтті. Ағымдағы жылғы олимпиаданың ерекшелігі - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің (математика, физика, химия, биология, информатика) ағылшын тілінде өткізілуі. Олимпиадаға жалпы білім беру мектептерінен және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 322 педагог қатысты.