Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Көркемөнер шеберлігінен блиц-байқауы
04-04-2017 03:20
Көркемөнер шеберлігінен блиц-байқауы

           Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінде Алматы қаласындағы «Мен - жанкүйермін», «Қысқы спорт түрлері» тақырыптарындағы Бүкіл әлемдік Универсиадаға арналған XV жыл сайынғы блиц-байқауы өтті. Бұл сайыстың ерекшелігі, қатысушыларымыз жұмыстарын көркемсурет мектебінде орындады. Байқауға өз шеберіліктерін паш ету үшін 10 қала мектебінен 10 - 13 жас аралығындағы 62 оқушысы тілектерін білдірді.

           Екі сағат бойы қатысушыларымыз мәнерлеп сырғанаушылар, хоккеистер, сноубордисттер сияқты спортшыларды, сонымен қатар өздерінің аулада, мектепте спортпен шұғылданып жүрген сәттерін қағазға үлкен құлшыныспен бейнеледі. Байқау қорытындысы бойынша I орынды №21 ЖОМ-нің  11 жастағы оқушысы Даша Мигачева «Хоккей» суретімен, №41 ЖОМ-нің 11 жастағы оқушысы Марина Галкина «Шаңғышы» суретімен жеңіп алды. II орынды дипломдармен 10 жастағы № 29 ЖОМ оқушысы Ульяна Захарова «Шаңғышылар» суретімен, 9 жастағы № 29 ЖОМ мектебінің оқушысы Дана Оңғарова «Шаңғышылар жорығы» марапатталды. Ал №4 ЖОМ 11 жастағы оқушысы Юля Веретенникова «Түсу» суретімен және №39 ЖОМ оқушысы 10 жастағы Данияр Байкин «Шаңғышылар турнирі» суретімен III орынға ие болды.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. Барлық қатысушылар сертификаттар иеленді. Ал оқушылардың жетекшілеріне мектеп ұстаздары, Александра Станиславовна Ловина-Самошкина мен Қазақстан Республикасы  суретшілер Одағының мүшесі Ольга Ивановна Ловина  графика мен   керамикадан мастер-класс өткізді.