Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Бала бақша тәрбиеленушілері спорттық флешмобын ұйымдастырды
07-04-2017 11:37
Бала бақша тәрбиеленушілері  спорттық флешмобын ұйымдастырды

«Спорт - Мен - Көктем» акциясы шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 2017 жылғы 7 сәуірде спорттық флешмобы өткізілді, мұнда қаланың мектепке дейінгі мекемелерінің 1500-ден астам тәрбиеленушілері қатысты. Мақсаты - қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, салауатты өмір салтынының дағдыларын, мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Флешмоб Естай атындағы мәдениет сарайы, Аймауытов атындағы драмалық театр аумақтарының алаңдарында, мектепке дейінгі мекемелердің серуендеу және спорттық алаңдарында өтті. Акция балалар, оқытушылар, ата-аналар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу идеясына негізделді. Би марафонында қазақ, балалар әндерінің әуендері қолданылды.

Акция «Денің сау, белсенді өмір сүру - бұл стильді, жағымды! Қозғалыста өмір сүр, биле және ән сал. Есіңде сақта! Ең үздігі - біз  үшін!» ұранымен өтті. Би марафоны 30 минутқа ғана созылды, дегенмен балалар, ата-аналар сергектік қуат алып, жақсы көңіл-күйге бөленді. Би марафоны әуе шарларын ұшыруымен аяқталды.