Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
ПМУ ректорының гранты бойынша сайыс-фестивалінің қорытындысы
12-04-2017 10:49
ПМУ ректорының гранты бойынша сайыс-фестивалінің қорытындысы

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті ректорының грантына I облыстық «PSU VOISE» сайыс-фестиваліне Павлодар қаласының  № 4, 16, 20, 25, 27, 29, 30, 33, 43 ЖОМ 11 сынып оқушылары қатысты. Таңдау турынан39 қатысушыларының ішінен 15 финалист шықты, соның ішінде Павлодар қаласынан үш оқушы бар. № 19 ЖОМ оқушысы ЖакеноваАйжаркынІ деңгей лауреаты атанды. № 20 лицей-мектебінің оқушысыКурашеваАйдана«Ізін көрем»әнін орындап, гала-концертке қатысты. Сайыс алқасы оқушының вокалды өнерін, сахналық шеберлігін жоғары бағалап, оған II орынды табыстады. Айдананың айтуы бойынша ол бала кезіңнен ән байқауларына қатысып келеді, бұл оның алғашқы жеңісі емес. Сайыскер өзінің келшек мамандығын эстрадалық вокалмен байланыстырады. № 2 ЖОМ оқушысы Топанов Ансат ІІІ деңгей лауреатын алды. Оларға дипломмен сертификаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Сайыс 2017 жылдың 7 - 8 сәуірінде облыстық білім беру басқармасы қолдауымен «Орындаушылық өнері» атты университет кафедрасымен ұйымдастырылды.