Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Үздік орындаушы» төсбелгісін иеленуші
14-04-2017 08:45
«Үздік орындаушы» төсбелгісін иеленуші

Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Ұлылар тағылымы» атты Абай, Махамбет оқуларына №35 ЖОМ 5-сынып оқушысы Алькеев Даир қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымында І орынды иеленіп, «Үздік орындаушы» төсбелгісін иеленді. Даир оқу озаты, бастауыш сыныптан әртүрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда, І орын республикалық «Нұрлы болашақ» сайысының жеңімпазы (2015 жыл), ІІ орын қалалық Абай оқуларының жүлдегері (2016 жыл), математика мен дүниетану пәндері бойынша халықаралық «Инфоурок» қашықтық олимпиадасының жүлдегері, «Таеквондо Ким Сонг Су» мектебіне қатысады.

Байқауға республикамыздың әр аймағынан мемлекеттік тілде оқитын 30 тарта оқушы қатысты. «Ұлылар тағылымы» атты байқау үш аталым бойынша өткізілді: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Махамбет шығармаларын жатқа оқу, «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Махамбеттің әндері мен күйлерін орындау, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындардың өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер.