ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қалалық жас инспекторлар слеті
10-05-2017 09:36
Қалалық жас инспекторлар слеті

№ 37 ЖОМ мектебінде қалалық жас инспекторлар слетінің «Автокөліктің тежегіш жолы» қорытынды кезеңі өтті. Слет 2017 жылы 5 мамыр күні жас қозғалыс инспекторлары жасақтары арасында сайыстар ұйымдастырылып, № 4, 13, 25, 34, 35, 37, 42, Жетекші ЖОМ 6 - 8 сынып оқушылары арасынан 70 оқушы  қатысты.

Слет Павлодар қалалық білім беру бөлімі және  жергілікті полиция қызметкерлері арасында бірлесе отырып бастауыш сынып оқушылары арасында  көшеде жол қауіпсіздігін сақтау ережелерін насихаттау барысында отан сүйгіштікке, оқушылар арасында тәртіпті сақтау, ұжымдық ұйымшылдыққа баулу, жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында ұйымдастырылды.

Сайыстың бірінші кезеңінде «Сапта тұру», «Жол ережесін білгіштер», «Жас бағдарлаушы», «Жас санитар», «Эрудиттар турнирі» өтсе, екінші кезеңінде «Автокөліктің тежегіш жолы» үгітбригадалар сайысы өткізілді.

«Автокөліктің тежегіш жолы» үгітбригадалар сайысында жас инспекторлар өздерінің шығармашылық қасиеттері мен әртістік таланттарының шеберлігін көрсетті. Қалалық слет қорытындысы бойынша  І орынды № 34 ЖОМ жас инспекторлары жеңіп алса, ІІ орын № 13 ЖОМ, ІІІ орынды № 42 ЖОМ иеленді. Облыстық слетке № 34, № 13 ЖОМ командалары қатысады.