Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебі 2017 жылғы қаңтар айында Латвияның Юрмала қаласында өткен XVI Халықаралық «Мен теңіз жағасында тұрамын» визуалды өнер байқауына қатысты. Сайысқа гуашь, акварель және әртүрлі графикалық техникада орындалған жұмыстар 22 жұмыс жіберілді.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды 6 жастағы Жантөре Нұғыманов гуашьпен орындаған «Бақытты күн» жұмысымен, жетекшісі Н.В.Герусова және Р. П. Степанконың жетекшілігімен 6 жастағы Аблайхан Баталов гуашьпен салған «Балықшы» жұмысымен жеңіп алды. Олар көркем дипломдар мен медаль иеленді. Ал Наталья Васильевна Герусованың жетекшілігімен тақырыпты ерекше орындаған 8 жастағы Аня Попик «Судағы ойын» жұмысына сертификат табысталды. Жеңімпаздар жұмыстарынан судың әртүрлі шашуын жазғы күннің сәулесі толықтырған сәттерінде бейбіт заманның бақытты да, көңілді балаларының ойыны жарасқанын байқайсың.
Осы жылы Юрмала көркемсурет мектебінде өткен байқауға әлемнің 27 елінен 4 - 25 жас аралығындағы қатысушылардың 2709 жұмысы ұсынылды. Байқаудың тақырыбы жыл сайын өзгерседе, әрдайым теңізбен байланысы қалуда.