Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шығармашылық кездесу
05-06-2017 06:16
Шығармашылық кездесу

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 1 маусымнан оқушылардың концерттік тәжірибесі басталды. Жалпы тақырыппен біріктірілген концерттік бағдарламалар қызығушылық туғызып, біліммен нәрлендіріп, оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды жұмылдырады. Осындай өнер көрсетулер тағы бір, бәлкім ең маңызды мақсатқа жету: тыңдарманмен өз білімімен, қабілетімен, көңіл-күйімен, ерекше музыка өнері сыйлайтын барлық сезіммен бөлісу мүмкіндігін береді.

Тәжірибе алмасу мақсатында бұл күндері мектепке Қарағанды облысы Шахтинск қаласы № 1 балалар музыка мектебінің педагогтары Олег Николаевич Федоров, Ольга Викторовна Вайландт және оқушылары келді. Мектептің үрмелі бөлімі концертінде қонақтар да өз концерттік нөмірлерін қойып, өнер көрсетті. Біріктірілген тәжірибелік концертте Н. Тлендиевтің «Сарыжайлау», қазақ әндері тақырыбына попурри, «И это все о нем» кинофильмдегі музыка, «Пальцы Руди» В. Керм, «Скерцо» Б. Асафьев, «Черный кот» Ю.Саульский туындылары шырқалып, үрмелі аспаптар ансамблі Boney M тобының репертуарынан «Sunny» туындысын орындады. Тәжірибе алмасу шеңберінде шеберлік сағаттары, педагогтар мен оқушылар арасында қызықты шығармашылық әңгімелесу өткізілді.