Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Музыкалық clondaik
09-06-2017 06:38
Музыкалық clondaik

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2017 жылғы 8 маусымда фортепиано бөлімінің бітірушілері арасында «Музыкалық clondaik» қызықты концерті өтті.

Концертте Л. Бетховен, Ф. Шопен, Р. Шуман туындылары, Қазақстанның заманауи авторлары мен композиторларының туындылары орындалды. Бітірушілер Мария Шорман, Янина Вишенкова, Анастасия Гуторова, Екатерина Ишимцеваның өнер көрсетулері әдемі және ерекше болды. Жас музыканттардың халықаралық және республикалық конкурстарының лауреаттары Диана Рудишева және Ирина Куршакованың өнер көрсетуі концерттің шарықтау шегі болды. Көреремендер бітірушілерге зор қошеметпен алғыс білдірді.

Концерттік бағдарлама жүргізушісі, фортепиано бөлімінің меңгерушісі Светлана Степановна Камкина концерттің әрбір қатысушысына қызықты сұрақтар дайындады. Бітірушілер жауаптарында мектепке деген алғыстары, сезімдері, болашақ бітірушілерге тілектері, болашаққа жоспарлары туралы айтылды.