Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілердің жазғы кезеңі
14-06-2017 04:57
Жас суретшілердің жазғы кезеңі

Павлодар қаласы № 2 балалар көркем мектебінде мамырдың 31-нен маусымның 14-не дейінгі кезең аралығында бастауыш, даярлық, мектепке дейінгі сыныптың 300-ден астам оқушылары үшін және мектептің 1 - 5 сыныптары үшін жазғы тәжірибе-плэнер жүргізіледі. Пленэр, оқушылардың міндетті оқу бағдарламасына кіреді. Екінші маусым тамыздың 16-нан 31-не дейінгі кезең аралығында ұйымдастырылады.

Пленерлік тәжірибе қала пейзажін, көркем жерлердің сурет салу техникасын және  акварельмен, гуашпен, майлы сырмен сурет салу үшін қалаға, табиғатқа шығуды көздейді. Пленэрлік тәжірибенің қорытындысы мектепте маусым айында өтетін көрме болып табылады. «Бұл оқушылардың табиғатпен байланыс табуға, табиғатты түсініп және оның әсемдігін қағазға салу, шабытпен бірге шедеврлерді туғызу оқушылар үшін жақсы кезең», - деп мектеп басшысы Герусова Наталья Васильевна айтты.

Әрі қарай маусымның 22-нен шілденің 7-не дейінгі кезең аралығында оқушылардың бейіндік тәжірибесі бойынша сабақтар жоспарланған. Шағын ауданынынң жанында тұратын балалар үшін бейіндік лагерьдің 2 маусымында сабақтар өткізілетін болады (3 - 15 шілде, 17 - 29 шілде). Шілде айынан бастап қаланың жалпы орта білім беру мектептерінде оқушылар үшін экскурсиялар, көрмелер, шебер-сыныптары ұйымдастырылатын болады.