Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас авиамодельдеушілердің сәттілігі
20-06-2017 08:56
Жас авиамодельдеушілердің сәттілігі

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштық бойынша республикалық жарысына облыс атынан Павлодар қаласының Балалар техникалық мектебінің авиа-, кеме-, автомодельдеушілері қатысты. Жарыста 12 - 15 жас аралығындағы мектептің 8 тәрбиеленушілері 12 модель ұсынды, оның ішінде 4 авиамодель, автомодель, 3 кеме модельі.

Жарыс қорытындылары бойынша авиамодельдеу үйірмесінің тәрбиеленушілері 3 жүлделі орындарға ие болды. I-орын, Леонид Троян, 12 жаста, «Кордтық модель «Жартылай көшірмесі» авиамодель классы, II-орын,  Дмитрий Кабанов, 12 жаста,  «F-3-P пенолеттер» авиамодель классы, III-орын, Асқар Іслямов, 14 жаста,  «F-3-G планерлері » авиамодель классы, жетекші мектеп ұстазы Сергей Федорович Соц. Жарыс жеңімпаздары медаль, диплом, құнды сыйлықтармен белгіленді. Барлық қатысушыларға Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының сертификаттары берілді.

Жарыс 2017 жылғы маусымның 9-нан 16-на дейінгі кезең аралығында Қостанай қаласында өтті. Жарысқа қатысу үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан 10 - 18 жас аралығындағы жас модельдеушілер жиналды, жарыс спорттың техникалық түрінде ұйымдастырылды: робототехника, авиа модельдеу, кеме модельдеу, зымыран модельдеу және авто модельдеу. Іс шараның ұйымдастырушысы Қостанай облысының әкімшілігінің қолдануымен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болып табылды.