Павлодар қаласы педагогтарының тамыз мәжілісі шеңберінде 2017 жылғы 22 тамызда Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде «Балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру - тәрбиелеуші білім беру ұйымының әлеуетін нәтижелі арттыру жолы» тақырыбында қаланың мектептен тыс педагог-музыканттарының секциясы өтті.
Секция жұмысына 62 педагог, білім бөлімінің әдіскері Б. З. Амирова қатысты. 7 баяндама және ашық сабақ тыңдалып, талқыланды. Педгог-музыканттар жұмыс тәжірибесін ұсынды, музыкалық білім берудегі мақсаттар мен міндеттерді қайта қарастыру мәселелерін талқылады. Баяндама оқу қорытындылары бойынша баяндамашылар № 3 балалар музыка мектебінің скрипка сыныбы бойынша педагогы Ольга Алексеевна Гаврина, Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің гитара сыныбы бойынша педагогы Иван Вячеславович Кузякин, № 2 балалар музыка мектебінің вокал, хор сыныбы бойынша педагогы Юлия Вадимовна Захарчук Павлодар қаласы білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.
Қосымша білім беру педагогтарының секциялық мәжіліс жұмысының қорытындылары бойынша ұсынымдар қабылданды.