ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектептің Әскери даңқ мұражайында жаңа экспозицияның ашылуы
28-08-2017 11:47
Мектептің Әскери даңқ мұражайында жаңа экспозицияның ашылуы

2017 жылғы 28 тамыз күні Павлодар қаласының № 14 жалпы орта білім беру мектебінің Әскери даңқ мұражайында «Даңқ алқабы» жаңа экспозицияның ашылуы өтті. Жәдігерлерді павлодарлық «Панфиловшылар» іздестіру жасағы әкелген еді. Мұражайдың жаңа бөлімі келушілерге Ұлы Отан соғысының тағы бір кезеңін ашады. Мұражайдың экскурсия жетекшілері қонақтарды Рессейдің Калуга облысы, Мәскеу облысының Можайск ауданындағы іздестіру жасақтарының игілікті істері туралы баяндайтын жаңа жәдігерлермен таныстырды. Экспозицияда неміс барлаушысының қанжары, неміс винтовкасының сүңгі-пышағы, Ф-1 және РГД-42 гранатасының корпусы, жарылған мина жарықшақтары ұсынылды.

Алғашқы әскери дайындық оқытушысы Бақытжан Қырықүшұлы Өтепов басқарған «Панфиловшылар» іздестіру жасағы Рессей Федерациясының іздестіру жасақтарымен бірлесіп, Можайск ауданында қазба жұмыстарын жүргізді.  Сол жерде 1941 жылы қазан айында полковник В. И. Полосухиннің қолбасшылығымен 32 атқыштар дивизиясы жауды Мәскеуге кіргізбей, бірнеше күн таңдаулы неміс бөлімін ұстап тұрған.

Іздестіру жұмыстары Калуга облысында да жалғастырылды. Дәл сол жерде әскери атташе мен ҚР консулының қатысуымен калугалық «Память» іздестіру тобы павлодарлық іздестірушілерге Қашыр ауданының тумасы, жерлесіміз Пётр Алексеевич Мельниковтың сүйегін берді. Совет әскері солдатының сүйегі отанымызға жеткізілді және Қашыр ауданының Ынталы ауылында әскери құрметпен қайта жерленді.

Мектептің мұражайында экспозицияның ашылуына қаржылай көмек көрсеткен мектептің 1976 жылғы түлегі, кәсіпкер Дмитрий Борисович Поважный (Мәскеу қаласы).