ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мектептері оқушылары жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
05-09-2017 09:19
Қала мектептері  оқушылары  жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

Павлодар   қаласы  білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту орталығымен  алғаш рет 2017 жылдың 22 - 31 тамызынан  7 - 8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану - математика циклінің 6 пәні бойынша сыртқы жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың  сыртқы кезеңінде  қаланың 20  жалпы білім беру  мектептерінен 117 оқушы қатысты, оның ішінде ең көп қатысушы  математикадан - 42 оқушы, физика - 10, информатика - 10, химия- 4, биология - 22, география - 29 оқушы.

Олимпиаданың қалалық кезеңінің сырттай іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша  85 оқушы өтті,оның ішінде математикадан 37 оқушы,биологиядан - 20, географиядан - 28, физикадан - 5, химиядан- 3, информатикадан - 2.

Олимпиада шарты бойынша  олимпиаданың сырттай турында  көп ұпай жинаған оқушылар, облыстық  кезеңге қатысуға кепілдеме берілді.

Облыстық олимпиадаға физикадан 5 оқушы, химиядан - 3, информатикадан  - 2: физикадан Поляков Богдан, Шотаева Нажни, 8 сынып оқушылары  № 34, Федотов Евгений, 8 сынып оқушысы  № 39, Марченко Татьяна, 8 сынып оқушы  № 28, Амангелдинова Ділназ,8 сынып оқушысы  № 37, химиядан  Чечет Константин, 8 сынып оқушысы № 1, Шухарт Алина, 7 сынып оқушысы № 28, Жармағамбетова Аружан, 8 сынып оқушы № 12, информатика  Колодин Максим, 6 сынып оқушы (7 сынып үшін) № 34, Мостовой Дмитрий, 8 сынып оқушысы № 36.

Колодин Максим олимпиадаға бірінші рет қатысса да 7 сынып бағдарламасы бойынша  облыстық   олимпиадаға қатысуға кепілдеме берілді.