ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша флешмоб
15-09-2017 05:10
«Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша флешмоб

Облыс білім беру басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылғы 14 қыркүйекте алғаш рет «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны бойынша флешмоб ұйымдастырған болатын. Флешмобты өткізудің негізгі міндеттері қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтарын сақтау және көбейту, патриотизмді нығайту, қазақ мәдениетінің ұлттық брендін қалыптастыру, «Тоғызқұмалақ» ойынын танымал ету болып табылды.

«Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша жарыстар бір уақытта Павлодар облысының 400 білім беру ұйымдарында, сонымен қатар Павлодар қаласының барлық мектептерінде басталды. №14, № 16, № 22, № 41 ЖОМ облыстың атақты спортшылары «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша шеберлік сағаттарын көрсетті. Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ белсенді түрде флешмобқа қатысты. Дене шынықтыру мұғалімі Мақсұт Қабдоллаұлы Нұрахметов:  «Тоғызқұмалақ бойынша үйірме бірінші рет бізде 1999 жылы ашылды, қазір бұл ұлттық спорт түрімен 18 бала шұғылданады. Роза Райымбекова - біздің әйгілі түлектеріміздің бірі тоғызқұмалақ бойынша Азия мен еліміздің чемпионы атанды», - деп айтады.

Қаламыздың оқу ұйымдарында тоғызқұмалақ бойынша 79 секциясы есептелінеді, бұл секцияларға 1830 астам балалар қатысады.