Павлодар қаласы білім беру «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 22 қыркүйегінде қалалық X Президенттік олимпиада өткізілді. 27 жалпы білім беру мектептерінен 11-сынып оқитын 45 оқушы қатысты. Олимпиада қатысушыларына математика, физика, биология, химия пәні бойынша тапсырмалар берілді.
Ең жоғары ұпай жинаған 10 қатысушы, олимпиаданың облыстық турына қатысады Ляхова Юлия, Аловацкий Петр - № 9 ЖОМ оқушылары, Канапина Томирис, Аяш Дана - № 20 ЖОМ оқушылары, Караева Күнсұлу, Смагулов Рауан - № 7 ЖОМ оқушылары, Чербаев Давид -№ 29 ЖОМ оқушысы, Шупенев Артём - № 16 ЖОМ оқушысы, Шалаев Егор - ЖОМ № 16 оқушысы, Сағиден Нариман - № 12 ЖОМ оқушысы.
Президенттік олимпиада оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдету, теориялық білімдері мен дағдыларын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында жыл сайынғы өткізілетін іс-шара болып табылады. Президенттік олимпиада үш кезеңде өткізіледі: өңірлік - 1 қарашаға дейін, іріктеу кезеңі: қашықтық, шығармашылық (эссе жазу) - 15 қарашаға дейін, қорытынды (республикалық) - желтоқсанда.