ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Проект «Самый классный класс»
26-09-2017 09:35
Проект «Самый классный класс»

«Рухани  жаңғыру» бағдарлама шеңберінде  Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен «Ең үздік сынып - 2018 » жобасы жүзеге асырылады. Жоба 2017 жылы 19 мамырда бастау алды, 6 турдан тұрады: «Жазғы  бойтұмар» (қыркүйек) - орталықтың  жазғы жобасына,қалалық шараларға-танысу,жазғы сынақ кітапшаларының рейтингтік бағасы, «Спорттық  Олимп» (қыркүйек) - спорттық-сауықтыру ойыны, «Дарынды балалар» (қазан) - белгілі  музыкалық-шығармашылық  ТД - бағдарламасының байқауы, «Би Х» (қараша) - балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық  байқауы,  «Біздің  таланттар» (қаңтар) - балалар мерекелерінің  шығармашылық және әдістемелік өңдеуін қорғау-танысу, «Шығармашылық жолымен» (ақпан) - бейнефильм  байқауы: кино-слайд, шығармашылық  танысу, мектеп мұғалімдері, директорымен сұхбат, жобадағы  қатысушылардың қызметі туралы  және 2018 жылы сәуір айында  жоба финалы өтеді.

Мақсаты-оқушылар  ұжымының  өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі ұйымдастыру шығармашылығын  дамыту, ұжыммен қызметтесу іскерлік деңгейін айқындау, сауатты жеке тұлға және бәсекелестікке жарамдылық  қажеттілік болуға балалар мен жас өспірімдерді қалыптастыру үшін ашық әлеуметтік кеңістік құру.

Қала мектептерінің 35 сынып ұжымы қатысуға тапсырыс берді  құрамында 5 - 9  сыныптың  875 оқушысы. Жоба жетекшісі Кенжегалина Айнагүл Амангелдіқызы, орталық  ұйымдастырушы-ұстазы.