ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі
27-09-2017 04:05
Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімімен «Жыл тәрбиешісі» конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты - мектептке дейінгі мекемелердің шығармашылық бағытта жұмыс істейтін педагогтарын анықтау және оларға қолдау көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту тәжірибесіндегі инновациялық қызметін ынталандыру және мадақтау болып табылады.

Конкурс № 11 балабақша қабырғасында өтті, оған  қаланың 21 мектепке дейінгі мекемелерінен 33 педагог қатысты.

Конкурстың І айналым шеңберінде қатысушылар «Мамандығымды мақтан тұтамын» эссесін және «Кәсіптік құжаттама» визит карточкаларын ұсынды. ІІ айналым аясында мастер-класстар - ашық сабақтар көрсетілді (жас мөлшеріне қарай топтарды және қызметінің формасын қатысушылар өздері таңдайды). Содан кейін тәрбиеші «Менің шығармашылық ұстанымым» өз жұмысының жүйесін қорытындылайды, жобасын қорғайды. Конкурс  қортындысы  ұстаздар Күніне арналған мерекелік шарада шығарылады.