Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2017 жылы 26 қыркүйекте № 36 ЖОМ 7 - 8 сынып оқушылары үшін биология бойынша І ауызша олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиада мақсаты - биология бойынша олимпиядалық резерв мектебін құру және қалалық деңгей олимпиадасына оқушылардың дайындық жүйесін жетілдіру.
Олимпиадаға қаланың 10 мектебінен 20 оқушы қатысты. Қатысушылар жоғарғы деңгейдегі ұсынылған тапсырмалар бойынша өз жауаптарын әділ қазылар мүшелеріне баяндады.
Олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша қазан айында облыстық жасөспірімдер олимпиадасына І, ІІ, ІІІ орын алған оқушылар қатысады. І орын № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Базарбаева Ділназ, ІІ орын - Пахомов Ярослав (8 сынып оқушысы № 16 ЖОМ), Абитова Дарина (8 сынып оқушысы № 16 ЖОМ), ІІІ орын Зюркалова Милана (№ 1 ЖОМ 7 сынып), 8 сынып оқушылары Коригова Диана (№ 34 ЖОМ), Нечай Алена (№ 9 ЖОМ), Рахымжан Айжас (№ 37 ЖОМ).
Барлық олимпиада қатысушылары орталығтың сертификаттарын алды.