ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Директордың жас орынбасары мектебі сабақтарының басталуы
29-09-2017 03:41
Директордың жас орынбасары мектебі сабақтарының басталуы

Жаңа оқу жылында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің директордың жас орынбасары мектебі өз жұмысын жалғастырды. № 34 ЖОМ 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 30 астам  мектеп басшыларының жас орынбасарлары  жиналды. Отырыс қатысушыларымен оқу, ұйымдастыру, әдістемелік жұмыс, мектепішілік бақылау, директор орынбасарының қызмет циклограммасы бойынша сұрақтар талқыланды.

Қатысушылар жаңа оқу жылының нормативтік-құқықтық базасымен таныстырылды, сонымен қатар мектеп жоспарын құрастыру, директор орынбасарларының жұмыс циклограммасы бойынша тәжірибемен алмасу ұйымдастырылды. Тәжірибелік қызметте алған білімдерін енгізу бойынша тыңдаушыларға әдістемелік ұсыныстар берілді.

Жас басшыларға тәжірибелік көмек көрсету бойынша мектеп сабақтары ай сайын жүргізілетін болады. Ай бойы директордың жас орынбасарларының сұранысы бойынша электронды дайджест және виртуалды онлайн-қабылдау жұмысы істейтін болады.