ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың үздік педагогтері
29-09-2017 11:50
Қаланың үздік педагогтері

2017 жылғы 29 қыркүйекте Павлодар қаласындағы Естай атындағы ҚМС-да Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара барысында облысымыздың 60 педагогтері білім саласындағы қажырлы еңбектері үшін наградалармен, бағалы сыйлықтармен (моноблогтар, теледидарлар, ноутбуктер), Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұған қоса, Павлодар қаласының № 39 ЖОМ-ның неміс тілі мұғалімі Танзиля Рафкатовна Мокроусова облыс әкімінің Құрмет грамотасымен ерекшеленді.

ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері» төс белгісімен Павлодар қаласының № 10 балабақша директоры Ботагөз Қайыржанқызы Темирбекова марапатталды.

Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің педагогі Сергей Федорович Соц, ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин» белгін иеленді.

Номинация бойынша дипломдар келесідей марапатталды: «Аялы алақан» - Елена Владимировна Галанина, № 51 балабақша тәрбиешісі, «Шуақты отбасы» - Алмагүл Қайырқызы Долголевиц, патронатты тәрбиеші, 3 баланы қамқорлығына алды, № 43 ЖОМ-ның қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, «Тәрбиеге тағзым» номинациясында - Римма Хабибуллақызы Бондаренко, № 21 ЖОМ-ның тірбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, Екатерина Олеговна Михеева, № 28 ЖОМ-ның аға тәлімгері, Алмас Сансызбайұлы Серікбаев, № 19 ЖОМ-ның информатика пәнінің мұғалімі.

Шара барысында дәстүрге айналған, жыл сайынғы өткізілетін «Жыл тәрбиешісі - 2017» және «Жыл мұғалімі - 2017» конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

«Жыл тәрбиешісі - 2017» конкурсында ІІ орынды Павлодар қаласының № 3 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Наталья Александровна Крюкова, ал «Жыл мұғалімі - 2017» конкурсында гран-при - Павлодар қаласының № 34 ЖОМ-ның физика мұғалімі Жасұлан Ғабитұлы Меңдібаевқа табысталды.