ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Шығармашылық және шеберлік
05-10-2017 08:57
Шығармашылық және шеберлік

Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің көрме залында Ұстаздар күніне арналған педагогтар көрмесі ашылды.

Көрмеге жас суретші-педагогтар да ат салысты. Суреттер сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі техникасы мен стильінде, сондай-ақ көркем өнер тәсілдерінде орындалған, олар: қолдан тоқылған кілем, киізден тоқу, материалдардың ұсақ тілімдерінен жасалған композиция, ал графика және кескіндеме жанры бойынша: сурет, пейзаж, натюрморт, зергерлік өнер мен компьютерлік гарфика кірді.

Татьяна Васильевна Ахметжанованың түрлі түсті қарындаштармен егжей-тегжейлі орындалған суреттері мен акварельді әсем көрінісі өзінің шынайы сұлулығымен таң қалдырады. Ал дәл осы автордың майлы кескіндеме техникасымен академиялық тұрғыда тура орындалған ересек әйелдердің портреті еріксіз көңіл аудартады. Татьяна Васильевна линогравюра техникасында көтеріңкі көңіл күйді көрсету үшін ақ-қара түстердің кереғерлығын шебер қолдана алды.

Сондай-ақ Анжелика Николаевна Бамбуляктың кенептегі таудың әсем көрінісінің монумент өнері таңдандырды. Анжелика Николаевна көлемі жағынан үлкен, керемет жұмыстарды майлы кескіндеме және акварель техникасында жиі ұсынады. Оның әсем көріністері жарық лебізге толы, ал түстері олардың нәзік және жұмсақ, олар бөлмені «көрнекі оттегіне» толтыра тыныс алады десек артық болмас.

Валентина Петровна Степанко мен Раиса Петровна Степанконың табиғат элементтері орын алған сәндік композициясы өте ерекше және керемет. Суретшілердің бұл жерде қолданған бедерлі тәсілі суреттерді көлемі мен сән жағынан күшейте түседі және олардың түсі әртүрлі болып келеді. Авторлардың түс жағынан ортақ шешім қабылдануы барысында көңіл күй ашық жарқын, сыпайы-нәзік немесе жұмбақ және құпия бола алады.

Сәуле Бейбітхановна Пернебаеваның ұсақ бөліктерге толы қажырлы еңбекпен салынған суреттемесі көрерменді таң қалдырады. Бір көргеннен бұны компьютерлік графика деп ойламассың, өйткені графикалық бағдарламаларда бұндай сәндік ұсақ заттарды салу өте қиын болып келеді (мысалы: көйлекке салынған ою-өрнектер).Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Ольга Ивановна Ловинаның өте керемет стильде орындалған үздік зергерлік бұйымдар жұмыстарын танымау мүмкін емес. Осы жолы көрермендер Ольга Ивановнаның нәзік, көркем талғаммен жасаған зергерлік бұйымдардың фото суреттерін тамашалай алады.

Александра Ловина-Самошкина Станиславовна өзінің шығармашылық жұмыстарын жиі кездесетін техникада көрсетті, олар: қолдан тоқылған кілем және  ұсақ тілімдерінен жасалған композиция. Оның көркем жұмыстары түс жағынан өте үйлесімді болып келеді.

Суретші-педагог Оксана Валерьевна Сидоренконың лессирлік акварель техникасындағы ашық және колоритті натюрморты, сонымен қатар жұмсақ материалдан орындалған классикалық реализм стильндегі портреттері жарық және ерекше.

Сонымен қатар аралас техникада орындалған дерексіз графиканы, қаркапайым қарындашпен орындаған сурет және киізден тоқыма тоқу техникасындағы композицияны Жанар Ержанқызы Шайкенова мен Дина Сапарбекқызы Сәменова сияқты жас педагогтар ұсынды.

Көрме 2017 жылдың қазан айына дейін жалғасады.