ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
№ 2 Балалар музыкалық мектебінде капиталды жөндеу жұмыстарын өткізу туралы.
18-10-2017 04:36

Қарашаның 18-ші жұлдызында 2017 жылы сағат 10.00 часов Павлодар қаласының № 2 Балалар музыкалық мектебінің капиталды жөндеу жұмыстарын өткізгендігі жайлы презентация өткізіледі. (Камзин көшесі, 78)
2017 жылы облыстық және қалалық бюджет есебінен мектептің толық жөндеу жұмыстары жүргізілді(төбенің және мектеп алды фасадының толық жөндеуі жасалынды – керамогранитпен қапталды), мектепішілік бөлмелер жөндеуден өткізілді, пластикалық терезелер орнатылды, жаңадан қоршау салынды және мектеп алдына жаңадан асфальт төселді. Барлық жөндеу жұмыстарына 51,8 млн. теңге қаражат жұмсалды. Жөндеу жұмыстары ЖШС «Связьдеталь» құрылыс ұйымымен жүргізілді.
Сонымен қатар, ЖШС «Связьдеталь» мектептің дәлізін тегін жөндеп, қосыша пандус орнатып берді.
Мектебіміз осы жылы АҚ «Самрұқ қазына» қорынан 3,3млн. теңгенің жаңа музыкалық аспаптарын сыйлыққа алды(саксафондар - 3дана, флейта - 3 дана, домбыра - 8дана, виолончель - 2дана, скрипка - 10 дана).
Мектепте 12түрлі аспапты үйрететін сабақтар өткізіледі (фортепиано, синтезатор, скрипка, виолончель, домбыра, қобыз, жетіген, баян, классикалық гитара, электро гитара, вокал, хорда ән айту).
Мектепте жалпы 250 оқушы тәлім алады. Қазіргі уақытта балалар музыкалық мектебінде 41 мұғалім жұмыс істейді.
Мектеп оқушылары халықаралық, республикалық,облыстық және қалалық конкурстар мен фестивальдардың лауреаттары мен дипломанттары болып табылады:
- Халықаралық конкурстар «Озорная весна», «Зимняя карусель», «Фесталония», «Золотое сечение», «Сибирь зажигает звезды».
- Республикалық конкурстардың «Дионис», «Волшебный путь искусства», Л.Хамиди атындағы конкурс.
- Облыстық конкурстың «Әнші балапан».

Павлодар қаласының білім беру бөлімі