Облыстық көптілділік олимпиаданың қорытындысы
2017 жылғы 30 қазанда 9 - 11 сынып оқушылары арасында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткізілген облыстық көптілділік олимпиадасына 76 оқушы қатысты. Олимпиада екі кезең бойынша өткізілді - жазбаша және ауызша.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер ішінде Павлодар қаласының № 22 ЖОМ 11 сынып оқушысы Билялова Алима ІІ орынға, № 16 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Мельник София ІІІ орынға ие болды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Олимпиадаға оқушыларды дайындаған ұстаздарға және ата-аналарға алғыс хаттар табыс етілді.