Қарашаның 24-нен - 26-на дейінгі кезең аралықта, Баку қаласында арнайы спорттық су түрінің «Aquatic Palace» сарайында су ұзақтығы бойынша Әзірбйжан Республикасының ашық чемпионаты өткізілді. Қатысушылар Әзірбайжан, Грузия, Иран, Американың 15 - 18 жас аралықтағы 225 жас спортшылары, Қазақстан намысын Павлодар қаласының 4 қатысушысынан құрылған командасы қорғады.
Чемпионат көпкүрес жүйесінде ұйымдастырылды. Жарыс жоғары деңгейде өтті және І орынға жету әрине оңайға соққан жоқ. Бұл күрделі жарыста Қазақстанның командасы үш алтын медальға қол жеткізді. Солардың ішінде № 41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы 11 сынып оқушысы Ляйрих Диана 50, 100, 200 метр қашықтықта еркін жүзу бойынша І орынға ие болды. «Бапкер Галина Владимировна Жемалутдинова қаламыздың басқа да жаттықтырушылары сияқты маған көңілі толды. Және Қазақстан намысын қорғау тамаша мүмкіндігі, бұл жарыста - бізге түскеніне өте қуаныштымыз», - деді Диана.
Диана жүзумен 6 жасынан шұғылданады, ол 1999 жылы туған қыздар арасында және одан кіші жас аралығындағы жүзу бойынша Қазақстан Республикасы ашық чемпионатының Өскемен қаласында (2014 жыл), Ақтөбе қаласында (2015 жыл), Орталық-Азия ойындарының Ашхабад қаласында (2017 жыл) алтын және күміс жүлдегері, облыс чемпионатының қола жүлдегері (2016 жыл) болып табылады.