ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодар қаласының әкімі атынан Жаңа жылдық шыршасы
25-12-2017 15:03
Павлодар қаласының әкімі атынан Жаңа жылдық шыршасы

      25 желтоқсан күні «Ертіс» қонақ үйі кешенінде Павлодар қаласының әкімі Н. К. Әшімбетовтің қатысуымен «Астана - менің мақтанышым» атты Жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

       Шырша қатысушылары - жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар. Жаңа жыл мерекесі қатысушыларының жалпы саны 9 - 13 жастағы 150 бала.

     Жаңа жылдық шырша қатысушыларының барлығы алғашқы рет ноутбук, сонымен бірге тәттілер кіретін сыйлық жиынтығын алды. Балаларды ертегі кейіпкерлері Таңшолпан, жас сұлу Астана құттықтады, балалаh Аяз ата мен Ақшақарды кездескендеріне қуанды.

    Жаңа жылдық мереке соңында мерекелік ас болды, содан кейін балалар мультфильм көруге «Ертіс Синема» кинотеатрына барды.