Жалпы білім беру мектептерінің директорлар кеңесі
2017 жылғы 26 желтоқсанда № 9 ЖОМ Павлодар қаласы жалпы білім беру мектептерінің директорлар кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында қалалық пәндер олимпиадасының қортындылары туралы есебі тыңдалды, қала мектептерінде «Робототехника» курстарын енгізу бойынша жұмысын ұйымдастыру жағдайының мониторинг қортындылары қарастырылды.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы болашақта дарынды балалармен жұмысты жетілдіруге, оқушыларды олимпиадаларға дайындау сапасына, қысқы демалыс кездері балалар бос уақыттарының қамтылуына, мектептерде ыстық тамақты ұйымдастыру сапасына бақылау, тамақтану бойынша мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне ерекше көңіл бөлді.