ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектеп түлектерінің сынамалы тестілеуі
27-12-2017 17:50
Мектеп түлектерінің сынамалы тестілеуі

        Павлодар қаласы білім беру бөлімі қала мектептері түлектерінің қорытынды аттестацияға және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша жоспарланған жұмысты жүргізіп отыр. Жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылғы 23 желтоқсанда қаланың жалпы орта мектептері түлектеріне сынамалы тестілеу ұйымдастырылды.

         Тестілеу № 1, 9, 24, 35 мектептерінің негізінде өткізілді, оған 35 мектептен 1022 оқушы қатысты.

      Қорытынды аттестацияға және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу, мұғалімдер үшін профильді пәндер бойынша әдістемелік көмек көрсету, кеңес сағаттарын және сынамалы тестілеу жүргізу бойынша жұмыс жалғасасын табады.