Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мұғалімдерінің шығармашылық топ отырысы 2018 жылдың 5 ақпанда № 43 ЖОМ өткізілді. Отырыста қаланың жалпы білім беру мектептерінің 7 сынып оқушыларына арналған электронды оқулық және 5-ші сыныптары үшін жұмыс дәптерін әзірлеу бойынша жұмыс атқарылды. Оларда жаңа сөздер, видео-, аудио- материалдар және мәтіндерге тапсырмалар, төрт әрекетке тапсырмалары (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым), сыни ойлауды дамытуға логикалық тапсырмалары бар. Мұғалімнің жұмысында интернет-ресурстар қолданылды. Мақсаты - ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану, қазақ тілі сабақтарында өздігімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Топ құрамына 27 қазақ тілінің мұғалімдері (№ 1, 4, 5, 6, 9, 11, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 24, 26, 27, 29, 30, 34, 38, 40, 43, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ) кіреді, топ басшысы № 43 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Ботагөз Ермекқызы Мұқажанова болды.
«Білім беру мазмұнының жаңартылуы: мәселелер мен оны шешу жолдары» мәселелерін талқылауда 5, 7 сыныптарда жұмыс істейтін 20-дан астам қазақ тілінің мұғалімдері қатысты.
Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді және тәжірибиеде материалдарды қолдану үшін тапсырмалар әзірленді.