Павлодарлық бүлдіршіндер Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдерін жатқа оқыды
«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада № 122 мектепке дейінгі гимназия басшысы Г. Құрманованың басшылығымен балалар шығармашылығы жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 95 жылдығына арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті, оған Павлодар қаласының № 21, 35, 38, 51, 93, 122 бала бақшалары қатысты.
Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты - жазушы М. Әлімбаев туралы балалардың білімін жалпылауға, жазушының шығармашылығына қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.
Сайысқа мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 22 тәрбиеленушісі қатысты. Жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.