ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ағаштарға ұқыпты қарау қажет
13-02-2018 16:36
Ағаштарға ұқыпты қарау қажет

Экологиялық марафон аясында 2018 жылғы 9 ақпан күні Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде «ЭКО - ярнбомбинг» науқаны өткізілді. Ярнбомбинг - қала көшелерінің элементтерін иірімжіппен орап байлайтын ең жас және ерекше шығармашылық әуестенудің бірі, оны тағы да тоқылған граффити деп те атайды. Науқанның мақсаты - оқушыларда табиғатқа және бүкіл қоршаған ортаға, соның ішінде «жер бетінің өкпесі» - ағаштарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Науқанға 1 - 7 сыныптардың 170 оқушысы және ата-аналар қатысты. Бір апта ішінде мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары бос уақыттарында ағаштарға арналған тоқылған киімдер жасаумен айналысты. Қатысушылар өз шеберліктерін, шығармашылықтарын және қиялдарын көрсетуге тырысты. Соның нәтижесінде мектеп аумағындағы ағаштар санаулы сағат ішінде керемет ажарға айналды, күнделікті пейзажға жарқын түстер мен әсемдік қосылды.

«Ярнбомбинг бүкіл әлемде өте танымал болып келеді. Біз тұрғындарымыздың сол туралы білгендерін қалаймыз. Оларға ұнайды деп және жақын арада қаламызда жарқын және бірегей орындар пайда болады деп үміттенеміз. Ал бүгін, науқан қатысушылары павлодарлықтардың назарын ағаштарға ұқыпты қарау қажеттілігіне аудару үшін ағаштарды жарқын киімдермен безендірді», - дейді мектеп директоры Зауреш Дауленовна Ахмадова.