ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Екі жұлдыз» вокал байқауы
28-02-2018 09:37
«Екі жұлдыз» вокал байқауы

2018 жылдың 26 ақпанында Павлодар қаласының Кенжекөл мектебінде «Екі жұлдыз» вокалдық конкурсы өтті. Байқауға 5 - 10 сыныптардан оқушылар мен олардың ата-аналарынан тұратын  11 дуэт қатысты (мұғалім-оқушы, оқушы-ата-ана, оқушы-оқушы). Мақсаты - оқу процесінің барлық қатысушылары арасында шығармашылық өзара қатынасты нығайту.

Байқау ұйымдастырушылары орыс тілі мен әдебиет мұғалімдері Диана Назымбекқызы Карабжанова мен Гүлнәр Жапарқызы Кабулова.

Сахнада «Махаббат пен достық» тақырыбындағы әндер шырқалды. Байқау қорытындысы бойынша гран-при иегері 8 сынып оқушысы Марина Новикова анасымен ресей сахнасының жұлдызы Валерия қызымен орындайтын «Ты моя» әнімен, І орынды - 5 сынып оқушылары Толғанай Мусина мен Арайлым Атшыбай дуэті, ІІ орынды 6 сынып оқушысы Динара Есен анасымен иеленді. ІІІ орынды апалы-сіңлі Юлия (5 сынып) мен Анастасия (7 сынып) Песоцкаялар алды.

Барлық қатысушыларға белсенділік грамоталары берілді, олар сыйлықтар мен жақсы көңіл куйге бөленді. Көрермендер көзайымы номинациясын 8 сынып оқушылары Рузия Әбілдә мен Ділнәз Зейнуллиноваға иеленді.

Мектептің музыкалық жетекшісі Гүлмира Имангалиевна Ибраеваның айтуынша: «Жұлдыздың жырқырауы - қызықтырарлық құбылыс. Жұлдыздың тууы туралы аңыздар ел арасында кең тараған. Аспандағы жұлдыздар іспетті сахна төрінде жер жұлдыздары да бар».