ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
ҰБТ-ға дайындық кезінде әдістемелік көмек
01-03-2018 11:14
ҰБТ-ға дайындық кезінде әдістемелік көмек

         Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 29 мектепте «Сыртқы бақылаудың сапасын жақсарту дайындығы бойынша мұғалімдер жұмысының жүйесі» атты семинар өткізді. Семинар мақсаты - 11 сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, оқушыларды ҰБТ-ға  сапалы дайындаудың оңтайлы әдістерін іздеу. Шараға 40 география пәнінің мұғалімдері қатысты.

        Семинар модераторы № 29 ЖОМ география мұғалімі Елена Ивановна Анварова болды. Семинар барысында ҰБТ-ға дайындықтың әр түрлі тиімді формалары ұсынылды - оқушылардың  білім сапасын  көтеру, жұптық, топтық және жеке жұмыс ұйымдастыру. Семинар қатысушылары сабақ барысында интерактивті әдістерді, оқушылардың тұлғасына бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды, оның ұжым жұмысына белсене қатысуын талқылады.

        Семинардың практикалық бөлімінде мұғалімдер стандарттан тыс есептерді шешіп, географиядан логикалық сұрақтарды қарастырды.