ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Петропавлдықтар «Smart Павлодар» жобасымен танысты
14-03-2018 11:08
Петропавлдықтар «Smart Павлодар» жобасымен танысты

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2018 жылғы 13 наурызда Петропавлдан келген қонақтарды қарсы алды. Делегация құрамында Петропавл қаласы әкімшілігінің білім беру бөлімібасшысының орынбасары әріптестерімен бірге «Smart Павлодар» жобасымен және сол атаудың мобильді қосымшасымен танысу үшін келді.

№ 37 ЖОМ делегация өкілдері ресми түрде ақпан айының соңында қала әкімі Н. К. Әшімбетов пен журналистерге презентацияланған жақын арада орнатылған саусақ ізімен турникет арқылы өтетін электронды қол жеткізуді бақылау мен есепке алу жүйесімен танысты. Сонымен қатар,цифрленген кітапхана мен мектеп асханасының онлайн мәзірімен танысты, онда саусақ іздері арқылы оқушылар түскі асқа қолма-қол ақша төлемейді  («Smart Pavlodar» қосымшасында ата-аналардың жеке шотынан ақша қаражаттарын есептен шығару арқылы жүзеге асады).

Қонақтар бүкіл жүйенің функционалдығын және оның «Smart Павлодар» мобильді қосымшасымен тікелей өзара әрекеттесуін зерттеді, функционалды  дербес тексерді және «Smart Павлодар» жобасын әзірлеуші болып табылатын «BFGroupInc» ЖШС компания қызметкерінен «Білім» бөліміндегі электрондық жүйесімен жұмыс істеу бойынша қысқа дайындық курсынан өтті.

Сапар барысында Петропавл қаласының ресми өкілдері Павлодар қаласында жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобаларға үлкен қызығушылықтары бар екенін жасырмады.