ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Көктем мерекесі және жаңарту
26-03-2018 10:59
Көктем мерекесі және жаңарту

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жандануы, жаңа өмірдің басталуы. Бұл күн шығыс күнтізбесі бойынша көнелік берекені, ағалық бірлестікті білдіреді, жаңаруды, адамгершілік тазаруды, қайырымдылық күні деп саналады.

Кеш бойы мектептің концерт залы музыкалық аспаптардың үніне (домбыра, қобыз, гитара, саксофон, фортопиано) және балалардың сыңғырлаған дауыстарына толды.

Мерекелік концертті орыс ұлттық аспаптар оркестрі ашты, жетекшісі Иван Вячеславович Кузякин. Олардың орындауларында Шәмші Қалдаяқов әндерінің поппурилер шырқалды.

Бірінші сынып оқушыларынан құралған хор «Мистер Жук» және «Рахмет саған Отаным» әндерін тамаша орындады жетекшісі Айнура Омиржановна Ошанова, сүйемелдеуші  Марина Юрьевна Бойко.

Саксофоншылар ансамблі, жетекшісі Евгения Михайловна Лысова, қобызшылар ансамблі, аспаптардың және балалардың әдемі әуенімен көрермендердің жүректерін жаулап алды (жетекшісі Макпал Сагымбаевна Мекежанова), домбырашылар ансамблі (Нурлан Бакытович Кайшанов), ер балалар хоры (Юлия Вадимовна Захарчук).

Мектеп педагогы Павел Иванович Генненің  орындауындағы Л.Аланның «Огонь сердца» пьесасы концерттің жарқын сәнін келтірді.

Мерекелік концертті республикалық конкурстардың лауреаттары, «Серпін» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі, жетекшісі Гаухар Аргыновна Абжанова Нұрғиса Тілендиевтің «Жекпе жек» күймен аяқтады.

Талантты жас музыканттардың өнерлері мәнерлі шықты, жарқын костюмдері мерекелік концерттің сәнін келтіріп, керемет әсер қалдырып, концертке келген бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмады.