ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Шағын аудан тұрғындарына Наурыз мейрамы ұйымдастырылды
26-03-2018 12:21
Шағын аудан тұрғындарына Наурыз мейрамы ұйымдастырылды

Наурыз мейрамын атап өту аясында тұңғыш рет Павлодар қаласының он екі шағын ауданында мерекелік ойын-сауық, той-думан алаңдары жасақталып, жұртшылық үшін жаппай мәдени шаралар ұйымдастырылды. Тұрғындарға арналған мерекелік шаралар жалпы білім беру мектептерінің аумағында өткізілді.

Бұл күні кез келген мейман мерекелік шараларға арнайы келіп,  спорттық сайыстарға, асық ату, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Қонақтар арқан тартуға, кір тасын көтеруге, шахмат сайыстарына да белсене араласты.

№16 лицей-мектебінің былтырғы жылы ашылған жаңа спорт алаңында футбол ойыны да ұйымдастырылды. Сонымен қатар халықтық қолөнер шеберлерінің көрмесі де қонақтардың назарына ұсынылды.

Арнайы жасақталған мерекелік алаңқайда мектептің оқушылары мен ұстаздары, балабақшалардың тәрбиеленушілері мен мамандары, Ұлттық жаңғыру мектебінің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Құрманғазы атындағы № 1 музыкалық мектептің шәкірттері тамаша концерттік бағдарлама қойды.

Мереке барысында қонақтар ақ дастарқан басына жиналып, Наурыз көже, палау, бауырсақ пен дәмді шәй сынды ұлттық тағамдардан дәм татты.

Айта кету керек, мұндай шаралар тек мектептің ұжымын ғана емес, сондай-ақ, оқушылардың ата-аналары болып табылатын шағын ауданның барлық тұрғындарын ортақ қуанышқа, ортақ мақсатқа біріктіреді. Наурыз мейрамына арналған шараларға 1000-нан аса мұғалімдер және 3000-нан аса оқушы қатысты. Бұл күні біздің мектептің мерекесіне 5000-нан астам қонақ келді. Олардың барлығы да Наурыз-думан мерекесіне жоғары баға беріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

№ 16 лицей-мектебінде ұйымдастырылған мерекеге педагогикалық еңбектің ардагерлері де құрметпен шақырылды. Павлодар қалалық білім бөлімінің басшысы Г.Ш.Қадырбаева барлық ардагерлерді көктемнің тамаша мейрамымен құттықтады, сондай-ақ қаланың білім беру саласының даму жетістіктері мен табыстары туралы атап көрсетті. № 1, 5, 16, 24, 29, 34 мектептердің директорлары, падагогтары және Құрманғазы атындағы № 1 музыкалық мектептің ұжымы құттықтауларымен шығып, концерттік бағдарлама ұсынды, байқаулар мен викториналар ұйымдастырды.