2018 жылдың 29 наурызда сағат 10.00-де Павлодар қаласының № 34 ЖОМ (Лермонтов көшесі 93/1) Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 1 - 4 сынып оқушыларына арналған шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының қалалық байқауын өткізеді.
Мақсаты - зерттеу қабілеттерін дамыту және зерттеу тәртіп дағдыларын жетілдіру жолдарымен бастауыш сынып оқушылары жеке тұлғасының зияткерлік-шығармашылық шамасын дамыту.
Байқауға қатысу үшін қаланың 32 жалпы білім беру мектептерінен 196 оқушы 183 жоба ұсынды.
Оқушылардың зерттеу жұмыстарын қорғау 11 секцияда 4 бағыт бойынша өтеді:
1. «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің бір буыны ретінде». Секциялар - физика және техника, шеберлер әлемі, өз қолымен, әлемдегі барлық нәрсе туралы, қарапайым нәрседегі ғажайып.
2. «Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық және шығармашылық өнерін модельдеу». Секциялар - математика, қолданбалы математика және информатика.
3. «Қазақстан -2050 стратегияны іске асыру негізі – салауатты қоршаған орта». Секциялар - СӨС және химия, биология, терезе алдындағы саябақ және жануарлар, қоршаған ортаны қорғау және экология.
4. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективтік туристтік бағыттар». Секциялар - тарих, өлкетану және этномәдени, тіл білімі.
Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталады.
Тел. 627209, 322343
Павлодар қаласы білім беру бөлімі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстарының қалалық байқауы туралы