ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Бағдарламалау бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысы
30-03-2018 09:46
Бағдарламалау бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысы

 

Олимпиадаға қатысу үшін облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінен 6 - 9 сыныптардың оқушыларынан 164 өтінім берілді, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінен 27 өтінім берілді.

Облыстық олимпиада екі кезеңде өткізілді. І қашықтық іріктеу кезеңіне 103 оқушы қатысты. Павлодар қаласының № 34 мектебінде олимпиаданы ІІ ақтық кезеңіне 43 оқушы қатысты (Павлодар қаласынан 14 оқушы).

Қатысушылар жақсы білімдерін көрсетіп, олимпиадаға дайындықпен келді. Қазылар алқасына жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтауға қиынға соқты.

Ұзақ интеллектуалды жарыс нәтижесінде I орынға Павлодар қаласының № 34 ЖОМ 6 сынып оқушысы Максим Колодин, мұғалімі Илья Олегович Поляков.

II орынға Павлодар қаласының №39 ЖОМ 6 сынып оқушысы Жеңіс Бахтыбай, мұғалімі Алевтина Михайловна Гурина, Павлодар қаласы № 9 ЖОМ 9 сынып оқушысы Дарья Щербакова, мұғалімі Наталия Ивановна Витковская ие болды (барлығы 4 орын).

III орынға Павлодар қаласының № 39 ЖОМ 7 сынып оқушысы Диана Вакулина, мұғалімі Лилия Юрьевна Дементьева, Павлодар қаласының № 9 ЖОМ 9 сынып оқушысы Радмила Рева, мұғалімі Наталия Ивановна Витковская ие болды (барлығы 4 орын).

Олимпиаданың салтанатты жабылу кешінде барлық қатысушылар  орталықтың сертификаттарымен және жеңімпаздар Білім беру басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.