ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балалардың сыңғырлаған дауыстары
03-05-2018 10:44
Балалардың сыңғырлаған дауыстары

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 26 - 27 сәуірде облыстың  80 жылдығына арналған қаланың музыка мектептерінің жеке ән айту бөлімі оқушылары мен хор ұжымының VIII қалалық «Алтын бұлақ» фестиваль-конкурсы өтті.

Іс-шараның мақсаты - балалардың хорда ән айтуын сақтау, қолдау және дәстүрді дамыту, вокал өнері саласындағы талантты балаларды іздеу. Мектеп сахнасында 240 қатысушыдан аса 7 хор ұжымы өнер көрсетті (бірінші сыныптар хоры, орта сыныптар хоры, хор сыныбы, Павлодар қаласының № 1 балалар музыка мектебінің ер балалар хоры) жетекшілері Виолетта Юрьевна Бубнова, Юлия Вадимовна Захарчук, концертмейстерлері Явгения Яковлевна Гуйо, Марина Юрьевна Бойко, Дмитрий Станиславович Масленников, (Павлодар қаласының № 2 балалар музыка мектебінің орта сыныптар хоры, жоғары сыныптар хоры) жетекшілері Салтанат Тасбулатовна Кисатова, Гульнафис Толеубековна Макышбаева, концертмейстері  Марина Петровна Белоус, (Павлодар қаласының № 3 балалар музыка мектебінің орта сыныптар хоры) жетекшісі Дария Мухамед-Канапияновна Исаева, концертмейстері Ольга Дмитриевна Седых.

Вокалшылар конкурсы үш жас ерекшелік категориясында және 2 номинацияда өтті - академиялық және эстрадалық вокал. Кіші жас ерекшелік топқа балалар музыка мектептерінен 9 оқушы қатысты.

Вокал қатысушылары (35 қатысушы) өздерінің шығармашылық әлеуетін толық дәлелдеп, дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Өнер көрсету нәтижесінде 28 жүлделі орынға қол жеткізді.

«Алтын бұлақ» қалалық конкурсы № 1 балалар музыка мектебі (14 жүлделі орын), № 2 балалар музыка мектебі (9 жүлделі орын), № 3 балалар музыка мектебі (2 жүлделі орын), Кенжекөл мектебі (3 жүлделі орын) шығармашылық жетістіктер қоржынын жүлделі орындармен толықтырды.

Конкурсқа қатысушылардың өнерлері меңгерген дауыс шеберлігін, әртүрлі жанрлы және жан-жақты сипаттағы музыкалық туындыларды эмоционалдық жеткізе білу жағынан есте қалды.

№ 1 балалар музыка мектебінің оқушысы Дина Досанова «The villain Appear» әнін орындап, көрермендер назарына ілікті, № 2 балалар музыка мектебінің оқушысы Алина Анцифирова «Рождение звезд» әнін, № 3 балалар музыка мектебінің оқушысы Валерия Синицина А. Петряшеваның «Небо» әнін орындады. Конкурс қорытындылары бойынша олар І орынды иеленді.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен марапатталды, лауреаттарды дайындаған педагогтар грамоталармен, хор ұжымдарының жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.