ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балалардың суреттеріндегі Ұлы Жеңіс
04-05-2018 10:54
Балалардың суреттеріндегі Ұлы Жеңіс

 

Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінің ең жас тәрбиеленушілері өздерінің «9 мамыр» көрмелерін Ұлы Отан соғысындағы  Жеңіс күніне арнады. Көрмеге 5 - 12 жас аралығындағы оқушылардың жұмыстары ұсынылды. 

 «Жас ұрпақты адами құндылықтар рухында тәрбиелеп, өз Отаның сүюге, қарт адамдар мен ардагерлерді құрметтеуге үйретіп, «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» - әйгілі ұранды мектеп педагогтері жүзеге асыруда», - дейді мектеп басшысы Наталья Васильевна Герусова. 

Жас суретшілер өздерінің композицияларында - портрет, сюжеттік - тақырыптық және күрделі жауынгерлік жанрды қолданған. Жұмыстар бір-бірінен қайталанбас бірегейлікпен және өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленді.

Көктем сияқты, нәзіктігімен және көркемділігімен Оля Ромашкинаның  «Есте сақтаймыз» жұмысы көзге түсті.

Әдел Нұрдилдинаның «Жеңіс күні» көпфункционалды композициясы  акварельмен орындалған, оның бөлшектері қара гель қаламымен сызылған.

Карина Ауғанбаева, Иван Тарасенко, Камилла Рахмангулованың салтанатты Жеңіс салюті фонындағы жауынгерлердің портреттері гуашьпен көркем кескіндеме техникасында салынған.

Глеб Граков «Соғыс алаңында» суретінде танктік шайқас сахнасын бейнелеген. Өз жұмысын әртүрлі түсті қарындаштармен орындаған.

Көрмеде аралас техникада орындалған қуаныш, жақсылық сыйлайтын жұмыстарды да көруге болады.

Оқушылардың тәлімгерлері тәжірибелі мектеп педагогтері - Наталья Васильевна Герусова, Ольга Ивановна Ловина, Татьяна Васильевна Ахметжанова,  Анжелика Николаевна Бамбуляк, Раиса Петровна Степанко және жас маман Екатерина Александровна Одарчук.