ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытындылары
05-05-2018 20:23
Республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытындылары

 

Еңбек өтілі 5 жылдан артық емес жас мұғалімдердің арасындағы  ХІІІ республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасына Павлодар облысы атынан облыстық кезеннің 21 жүлдегерлері  мен жеңімпаз  ұстаздары қатысты. Команда құрамында Павлодар қаласының жалпы білім беру мектебінің 8 педагогі қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша қала  мұғалімдері  4 жүлделі орынға ие болды.

Олимпиада жеңімпазы № 40 ЖОМ дефектологі Қымбат Ғаллямқызы   Матай Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды. № 17 ЖОМ-ның өзін-өзі тану мұғалімі Татьяна Викторовна Стрикунова ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. № 9 гимназия-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айымгүл Берікқызы Шукитова және тарих пәнінің мұғалімі Дауржан Қайыргелдыұлы  Кульжанов ІІІ дәрежелі диплом марапатталды.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасына қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.